Қызылордада ІТ бағытта 26 жоба жүзеге асады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ІТ бағытта 26 жоба жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап көрсетілген.

Сыр өңірінде жүзеге асатын жобалардың 6-ы білім, 2-і денсаулық сақтау, 4-і қауіпсіздік, 5-і шаруашылық және көлік, 2-і ауыл шаруашылығы, 2-і бизнес және әлеуметтік салаға, 5-і қалалық басқаруға бағытталады.

Денсаулық сақтау саласына енетін ІТ жобалардың арқылы жүкті әйелдерге көрсетілетін қызмет сапасы артады деп жоспарланып отыр. Сол арқылы бала өлімін азайту, туа біткен ауруларды бастапқы кезеңінде анықтау, созылмалы ауруларға жұмсалатын денсаулық саласының шығындарын азайту көзделген.

Көлік саласында да 3 жоба енеді. Облыстық бюджеттен бұл бағыттағы 2 жобаға 38,7 млн.теңге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 жобаға 800 млн. теңге қаралған. Осы арқылы көлік ұйымдарының салық түсімдері мен табысы көбейеді. Сондай-ақ, жолаушылардың қоғамдық көлікті күту уақытын және ақпараттандырылуы жақсарады.

Ауыл шаруашылығы бағытында 2 жоба жоспарланған. ІТ жоба құрғақшылық, зиянкестердің жаппай көбеюі сынды кризистік сәттерді алдын алу үшін қолға алынған. Жалпы, 26 ІТ жобаларға 13,1 млрд.теңге қаржы қаралды. Аталған жобалар халықтың өмір сапасын арттыруды көздейді.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада агроөнеркәсіп кешен саласында 148 жоба іске аспақ .

Соңғы жаңалықтар