Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қызылордада испаниялық технологиямен қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылады

2019 жылғы 12 қаңтар 08:35 431
Бөлісіңіз:
Қызылордада испаниялық технологиямен қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада испандық жаңа технология бойынша жұмыс істейтін жылыжай құрылысы жақын арада ел игілігіне айналатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкент тұрғыны цитрусты жемістер мен банан өсіреді Жаркенттік диқандар мен малшы қауымы жылды жақсы қорытындылады

Жылыжай толық автоматтандырылған. Аумағы 2 гектарға жуықтайды. Онда жылына 900 тонна қызанақ өсіруге әбден болады. Жобаның құны - 1 млрд 100 млн теңге. Жылыжай кешені компьютермен басқарылады. Оның экологиялық жағдайы халықаралық стандартқа негізделген. 

Қазіргі таңда Қызылорда облысы көкөніс өнімдерін сырттан тасымалдайды. Сондықтан оның бағасы біршама қымбат болып жатады. Қыс айларында Қызылордаға көкөніс өнімдері көршілес Түркістан облысынан тасымалданады.


Қызылордада испаниялық технологиямен қызанақ өсіретін жылыжай іске қосылады

«Біз мұнда қызанақ егеміз. Одан мол өнімге негіз қалаймыз деген үміттеміз. Жылыжайда 30-ға жуық адам еңбек ететін болады. Жаңа технология бойынша жұмыс жасауды Испаниядан келген Серхи Молина үйретеді. Ол бір жыл бойы жергілікті мамандарды дайындайтын болады», - деді «КазАгроМир» ЖШС директоры Ғани Алматов.

Қаржы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы алынған. Жылыжай ақпан айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT