Қызылордада ірі мөлшерде есірткі тасымалдағандар ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдаған екі күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы және есірткі кылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Шара барысында «Арал - Шеп» бекетінде «Ниссан» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Автокөлік Крона қызметтік итімен тексерілген кезде жүргізушісінің қалтасынан қағазға оралған ерекше иісі бар шөп ұнтағы табылды. Онымен бірге келе жатқан жолаушының сөмкесінен де скотчпен екі бөлек оралған ерекше иісі бар шөп ұнтақтары алынды. Сараптама қорытындысы оның 3,5 келі марихуана екендігін анықтады.

«Қазіргі таңда екі күдікті Арал ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен отқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар