Қызылордада ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған адам сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға Жаңақорған ауданының Бірлік ауылы аумағында орын алған. Жергілікті полиция қызметкерлері ауыл орталығынан шығып келе жатқан автокөлікті тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында оның ішінен ерекше иісі бар жасыл түсті затты байқап қалады.

«Ол зат жүргізуші орындығының астынан табылды. Шөп ұнтағына тиісті сараптама тағайындалды. Қорытынды бойынша полиэтилен пакетке салынған ұнтақ салмағы 1268,92 келіні құрайтын марихуана екені анықталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілген. Аудандық соттың үкімімен күдікті 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бұрын Жалағашта күрекпен адам өлтірген жігіт сотталғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар