+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Қызылордада инновациялық идеялар байқауы өтті

2019 жылғы 22 қыркүйек 22:39
Бөлісіңіз:
Қызылордада инновациялық идеялар байқауы өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда қаласында республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың байқауының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Щучинскідегі көшеге Қанай би есімі берілді Жамбылда бұған дейін белгісіз болған 8 батырдың есімі анықталды Сығанақ қалашығынан алтын бұйымдар табылды

Аталмыш байқау Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Сананың ашықтығы» базалық бағыты аясында қолға алынып отыр.

Оны Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастырды. Инновациялық идеялар байқауы Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан Жастар орталығының мәжіліс залынд өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - оқушыларға ғылым мен техниканың өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.


«Байқауға қатысушылар автокөлік, өндіріс, ауыл шаруашылығы, әскери техника, су көлігі, құрылыс, жылу-электр энергетикасы, авиация және космонавтика бағыттарындағы жобаларын таныстырды. Білім алушыларды өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тартып, талантты балаларға қолдау көрсету мақсатында өткен байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдерінен және облыстық мекемелерден 70 оқушы қатысты», - дәп мәлім етті «Рухани жаңғыру» орталығының мамандары.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтарыен марапатталды. Облыстық кезең жеңімпаздары 30-31 қазанда Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында өтетін қорытынды кезеңге жолдама алды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT