+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Қызылордада иіс тиіп уланған 3 бала қаза тапты

2019 жылғы 10 қаңтар 09:44
Бөлісіңіз:
Қызылордада иіс тиіп уланған 3 бала қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада иіс тиіп уланған 3 бала қаза тапты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, кеше кешкі сағат 19:29-да өртке қарсы қызмет пультіне Қызылорда қаласының Махмұтов көшесі бойындағы «Наурыз» саяжай учаскесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен. Үй ішіндегі жиһаздан басталған қызыл жалын жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрайтын төбе жабындысын шарпыған. Өрт сағат 19:55-те сөндірілді.

«Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 50 литрлік бір газ баллонын шығарды. Құтқарушылар жеткенге дейін туған-туыстары үйдің ішінен 2011, 2012 және 2014 жылы дүниеге келген үш баланы алып шыққан. Иіс тиіп уланған оларды ауруханаға жеткізгенімен, балалар естерін жимастан көз жұмды», - деді ресми өкіл.

Сонымен қатар, оның сөзіне қарағанда, балаларды өрттен алып шыққан адамдар да медициналық көмекке жүгініп ауруханға жатқызылған.

Өрт орнында Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар депаратменті жеке құрамының 19 маманы мен 7 техникасы жұмыс істеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT