Қызылордада геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жаңа мұнай кеніштерін табу мақсатында Арал және Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде отыз жылдан астам уақыт бұрын Құмкөл кеніші ашылды. Бұл Қызылорданың өнеркәсіптік аймаққа айналуына негіз болды. Сәйкесінше, өңірімізде мұнай-газ класстері қалыптасты. Сыр мұнайы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аймақ экономикасының дамуына серпін берді.

«Үкімет қаулысымен Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Жергілікті жердегі Шу-Сарысу, Арал және Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті облыстық индустриялды-иновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.

Айта кетейік, бүгінде өңірде мұнай өндірумен 10-ға жуық компания жұмыс істеуде. Олардың барлығы дерлік әлеуметтік жобаларды қолдау мен жергілікті жерге ұдайы көңіл бөлуде. Жыл сайын аз қамтылған отбасыларға, отбасылық типтегі балалар ауылына қол ұшын созуда. Сондай-ақ дәстүрлі «Мектепке жол» акциясына мұнайшылар әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

Еске салсақ, Қызылорда облысында кәсіпкерлік саласында 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.



Соңғы жаңалықтар