Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 7 °С
Алматы: 5 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Қызылордада газдан ажыратылған тұрғын үйлерге көгілдір отын бүгін беріледі

2018 жылғы 15 ақпан 14:07 1044
Бөлісіңіз:
Қызылордада газдан ажыратылған тұрғын үйлерге көгілдір отын бүгін беріледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Табиғи газдан уақытша ажыратылған Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлерге бүгін газ беріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте сала басшылары мәлімдеді,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда қатты жел өзенге құлатқан 11 жасар баланы құтқарды Ақмола облысында тағы бір жасөспірім жоғалып кетті

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше облыс орталығындағы АГРС-2 желісінде апатты жағдай тіркелді. Осыған байланысты құзырлы мекемелер дер кезінде жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау жөнінде хабарлама таратылған болатын. 

«Ақшабұлақ» кенішіндегі «Кристалл менеджмент» серіктестігіне қарасты электр стансасының тұтыну көлемін азайттық. Қызылорда жылу электр орталығын жаппай резервтік мазутқа көшірдік. Кеше кешке дейін АГРС-2 желісіне тиесілі газ реттеуші пункттерді АГРС-1 желісіне ауыстырдық. Бірақ КБИ және Тасбөгет шағын аудандарындағы 5 газ реттеуші пункт қосылмай қалды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түн ішінде жұмыс жүргізе алмадық. Бүгін таң атысымен аталған шағын аудандардағы пункттерді іске қосып, газ бере бастадық», - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин.

Брифингте қала әкімінің орынбасары Асылбек Шәменов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістің филиалы директорының бірінші орынбасары Бауыржан Сәтмағанбетов балконды қалпына келтіру үшін үй тұрғындарына көмек көрсетілетінін жеткізді. Сала басшылары жалпы мәселенің бүгін кешке дейін реттелетінін айтты.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат