Қызылордада «газ құбырындағы апатты жағдай» жойылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда газ құбырындағы «апатты жағдай жойылды», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Оқу-жаттығуды өткізудің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 10 қарашасында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының диспетчерінен Қызылорда қаласы Қажымұқан көшесі мекенжайында №5 газ таратқыш бекетіне КАМАЗ автокөлігі соғып, жоғарғы қысымды газ жүйесі зақымдалып, газдың ауа шығуы, оқиға орнында өрт шыққаны және 2331 абонент және 1 өндірістік кәсіпорын, 31 жеке кәсіпорынды газбен қамтамасыз ету тоқтатылғаны жөнінде ақпарат түсті.
null 

Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасының жедел кезекшісі жедел әрекет ететін қызметтерді құлақтандырды.

Оқиға орнын қоғамдық тәртіпті сақтау тобының күштері қоршауға алып, төтенше жағдай аймағында автокөлік қозғалысы реттелді.

Өртке қарсы қызмет автокөлігінде орын алған өрт ошағын дер кезінде сөндіріп, құтқару тобы зардап шеккен жүргізушіні төтенше жағдай аймағынан медицина қызметкерлеріне жеткізді.

Газ жүйесіндегі авариялық-техникалық командасы зақымдалған жоғарғы қысымды газ жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қала тұрғындарын уақтылы газбен қамтамасыз ету жүзеге асырылып, оқу-жаттығу оң шешімін тапты.

Оқу-жаттығуға 8 құрылым, 19 техника, 96 адам қатысып, оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару құрылымдарының қыс мезгілінде газ жүйесінде авария болған жағдайда бірлесіп әрекет етуі машықтандырылды. 

Соңғы жаңалықтар