Қызылордада газ құбыры желісінде апатты жағдай орын алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласының іргесіндегі Абай елдімекенінде орналасқан АГРС-2 автоматтандырылған газ реттегішінде апатты жағдай орын алды, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Орын алған оқиғаға орай қала тұрғындарына газ қондырғыларын ажырату туралы ескерту берілген болатын.

ҚазТрансГаз аймақтық филиалы келтірген мәліметтерге сүйенсек, апат орын алған құбыр арқылы «Бейнеу-Бозой» үлкен газ құбырынан Қызылорда қаласы тұрғындарына  газ беріліп келген. Қазіргі кезде қала тұрғындары Ақшабұлақтан келетін газға қосылды.

Қызылордадағы жылу электр стансасы да газ арқылы жұмыс істеп келгендіктен, нақты сәтте станса уақытша тапшылық сезінбес үшін мазутқа көшірілді. Мамандар жөндеу жұмыстары тәулік ішінде  аяқталып, газ берілу қалыпты жағдайға түседі деп отыр.

Соңғы жаңалықтар