+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қызылордада газ баллонының жарылуы: оқиғаның себептері анықталды

2019 жылғы 21 қараша 15:13
Бөлісіңіз:
Қызылордада газ баллонының жарылуы: оқиғаның себептері анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында газ баллоны жарылуы салдарынан орын алған өртке байланысты оқиғаның себептері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Техастағы химия зауыты өртеніп жатыр Петропавлда бес қабатты үйдегі өрттен бір әйел адам қаза тапты Қытайда шахтадағы өрт салдарынан жер астында қалып қойған 11 адам құтқарылды

Естеріңізге сала кетелік , бұл келеңсіз жағдай 20 қараша күні 18.00 шамасында болған еді . Жергілікті «112» нөміріне Қызылордадағы «Бәйтерек» шағынауданында өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына жедел жеткен №4 өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік есебі жалпы ауданы 72 шаршы метр болатын тұрғын үйде газ баллонын дұрыс пайдаланбауынан газдың жылыстауы пайда болғаны анықталды. Жарылыс салдарынан үй құлаған. Өртті сөндіру барысында 27 және 50 литрлік газ баллондары сыртқа шығарылды. Сондай-ақ, үй ішінде болған 2 адамды қатты күйік шалған. Оларды көршілері жеңіл көлікпен дер кезінде ауруханаға жеткізген.

Өрт сөндіру қызметінің жылдам іс-қимылының нәтижесінде көршілес орналасқан үйге өрттің таралу қаупі уақтылы тоқтатылды. Өрт 19 сағат 34 минутта оқшауланып, 19 сағат 43 минутта толығымен сөндірілді», - деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT