Қызылордада газ баллоны жарылысынан үш адам жарақат алды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Оқиға салдарынан 3 адамды күйік шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі жеке тұрғын үйде болды. Онда 5 литрлік газ баллоны жарылған. Нәтижесінде күйік жарақатын алған 3 адам ауруханаға жатқызылды.

«Жарақат алған адамдар арасында 1994 жылы дүниеге келген науқастың жағдайы ауыр. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Ал 1997 және 2001 жылдары дүниеге келген екі адамның миы шайқалған, жағдайы орташа. Болжам бойынша жарылыстың шығуна газ жабдығын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу себеп болған. Жылыту пешінің жанында газ баллоны қыздырылған, ол дәнекерлеу шамы үшін пайдаланылған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Сондай-ақ, Қызылордада 12 тонна пропан тасымалдап бара жатқан көлік өртенді.

Соңғы жаңалықтар