Қызылордада гараждан қымбат көлік ұрлағандар іздестірілуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада белгісіз біреулер гаражда тұрған «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға түнгі уақытта болған. Жедел іздестіру шараларының барысында қылмыс жасаған күдіктілердің бірінің бейнесі сыртқы бақылау камерасына түсіп қалғаны анықталды. Дегенмен, полиция көлік ұрлаған күдіктілерді әзірге қолға түсірген жоқ.

«Аталған қылмыстық оқиға бойынша білетіндер және күдіктіні танитын азаматтар болса Қызылорда облыстық Полиция департаментіне хабарласуын сұраймыз. Ақпарат бергендер туралы мәліметтер жарияланбайтынына кепіл береміз. Сондай-ақ, Қызылорда ОПД Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 53-бабына сәйкес, кінәлі тұлғаның айыбын мойындап келуі - қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай болып табылатынын хабарлайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар