Қызылордада футболдан Тимур Сегізбаев атындағы турнир өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда белгілі футболшы Тимур Сегізбаевтың құрметіне арналған футболдан 2003 жылы дүние келген жасөспірімдер арасында республикалық турнир мәресіне жетті. Бұл бәсеке биыл оныншы мәрте өткізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Даңқты футболшыны еске түсіруге арналған жарысқа еліміздің бірқатар аймақтары мен Сыр өңірінен команда сынға түсті. Жарыс барысында Қазалы ауданының командасы жеңімпаз атанды. Одан кейінгі орындарға облыстық №6 футбол жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі және Жаңақорған ауданының командалары ие болды. 

Жеңімпаз, жүлдегер командалар және үздік ойыншылар облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының, облыстық футбол федерациясының дипломдарымен, сондай-ақ медаль, кубок, естелік сыйлықтарымен марапатталды. Үздік ойыншыларға Т.Сегізбаевтың отбасы атынан арнайы сыйлықтар берілді.

Жүлдегер командаларды, үздік ойыншыларды марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, облыстық футбол федерациясының президенті Қайрат Ерназаров, футбол ардагері Ережеп Серікбаев және Тмиру Сегізбаевтың туыстары қатысты.

Авторы: Әділжан Үмбет  

 

Соңғы жаңалықтар