USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қызылордада есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі күдікті ұсталды

2021 жылғы 6 қазан 03:10
Бөлісіңіз:
Қызылордада есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі күдікті ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қала тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шу тұрғынының сарайынан ірі көлемде есірткі табылды Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын тонаған күдіктілер ұсталды Есірткі сатушы 32,5 келі гашишті Қарағандыға пойызбен жеткізбек болған

Оған 2019 жылдан бері халықаралық іздеу жарияланған болатын. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу; адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған қылмыс жағдайы көрсетілген.

Күдікті осы уақытқа дейін бой тасалап жүрген.

«Жедел уәкілдер оны қала аумағындағы үйлердің бірінде жасырынып жатқан жерінен ұстады. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT