Қызылордада есірткі егумен айналысқан қылмыстық топ басшылары қолға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ірі мөлшерде есірткі егумен айналысқан қылмыстық топ басшылары қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордалық полицейлер ірі мөлшерде есірткі егумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл бағытта облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ұлттық Ұланының 5547 әскери бөлімінің жасағы жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде тікұшақпен далалық аумақтарды барлау кезінде Арал ауданы Жеңішкеқұм ауылынан 100 шақырым қашықтықта ірі есірткі алқабы анықталды. Ол аумақтан Қызылорда қаласында тұратын 35 және 58 жастағы екі азамат қолға түсіп, 2479 түп сора өсімдігі тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру жағдайы көрсетілген.

Сондай-ақ, есірткі егумен айналысқан адамдарға азық-түлік және қаржылай көмек көрсеткен қылмыстық топ басшылары анықталды. Қызылорда қаласында тұратын 39 және 42 жастағы екі адамның аталған қылмыстық іс-әрекеттері дәлелденді. Олар дер кезінде ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды.



Соңғы жаңалықтар