Қызылордада есепші 11,6 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жұмыспен қамту орталығының есепшісінің бюджет қаржысын өз пайдасына жаратқаны үшін бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасымен халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларының қолданылуына тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында несиелерді мақсатсыз жұмсау, сұранысы жоқ мамандықтарға формальды түрде оқыту, оқу бағасын асырып көрсету және бюджет қаржысын жымқыру деректері анықталды.

Жаңақорған ауданындағы жұмыспен қамту орталығының есепшісі жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға бөлінген 11,6 млн. теңгені бюджет қаржысын өз пайдасына жаратқан. Оны өзінің таныстарының есепшотына аудару арқылы өз мүддесіне пайдаланып отырған.

«Арнайы прокурорлар басқармасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Жаңақорған аудандық сотының үстіміздегі жылдың 20 шілдесіндегі үкімімен есепшіге шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Келтірілген шығын толығымен өндірілді», - деп жазылған облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар