Қызылордада еріктілер баспанаға мұқтаж екі отбасына үй сыйлады

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында еріктілер баспанаға мұқтаж екі отбасына жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры жылма-жыл тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созып келеді. Бұл мақсатта ортақ қаржы жинап, кейбір істерге демеушілер тарапынан қолдау көрсетіледі.

Осылайша, биыл олар бірден екі баспана салып, оны үйге мұқтаж екі отбасына табыс етті. Алғашқысын мүмкіндігі шектеулі жан алса, екіншісіне тұрмысы төмен отбасы қол жеткізді.

Жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов қатысып, ақжарма лебізін білдірді. Ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы елдің атынан ерікті жастарға алғысын айтты.

Бүгін Қарағанды облысында 14 отбасы жаңа пәтердің кілтін алғаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар