+7 (701) 759 90 19
USD 429.84 EUR 482.32
RUB 5.77 CNY 67.32
Jańalyqtar

Қызылордада ерекше күтімді қажет ететін балаларға қандай қолдау көрсетіледі

2021 жылғы 29 қазан 02:35
Бөлісіңіз:
Қызылордада ерекше күтімді қажет ететін балаларға қандай қолдау көрсетіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ерекше күтімді қажет ететін балалармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жастар ресурстық орталығында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Біз - өмірдің гүліміз» атты мерекелік шара барысында ерекше күтімді қажет ететін балалармен жүздесті. Жүздесуге өңірдегі әнші, биші, спорттық жарыстарда алдыңғы қатарда жүрген өнерлі балалар қатысты. Алдымен аймақ басшысы ерекше жасөспірімдердің қолымен жасалған бұйымдар көрмесін тамашалады.

«Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл бағытта кезінде көптеген жобалар жүзеге асты. Мемлекет тарапынан барлық қажетті заңдар және нормативті-құқықтық актілер қабылданды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі заң қабылдады. Заң шеңберінде түрлі мемлекеттік қолдау шаралары және жәрдемақы көлемі айқындалған. Сіздердің өмір сүруге деген құштарлықтарыңыз, жаңа жетістікке жетуге дегенен ынталарыңыз біз үшін қымбат», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жүздесу барысында «Жүрек жылуы» және «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалдерінде ән және қолөнер жанрлары бойынша бірінші орын алған Мырзалы Серіков, ҚР спорт шебері, волейболдан отырып ойнаудан республикалық жарыстың жеңімпазы Әділет Ахметов, үстел теннисінен спорт шебері Ұлан Амангелдиев, отырып ойнау волейболынан ҚР спорт шебері Ерасыл Әбдібек және көптеген байқауларда жүлдеге атанған Нұрбақыт Тәниева облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша өңірде ауқымды шаралар қолға алынған. Аталған бағытта 2025 жылға дейінгі іс-шаралардың Жол картасы бекітілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT