Қызылордада Элизабет Тұрсынбаева шеберлік сабағын өткізді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Белгілі мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қызылордалық жас өрендерге шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде  4 дүркін Қазақстан чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысатын ізбасарларын аталмыш спорттың қыр-сырына қанықтырды.

Сондай-ақ сабақ барысында жас спортшылардың шеберлігі шыңдалып келе жатқанын атап өте келе, оларға өзінің жылы лебізін білдірді. Мәнерлеп сырғанау спортынан облыстың аға жаттықтырушысы Лариса Давыдованың бұл бағытта атқарып жатқан жұмысына оң баға берді.

Бұдан бұрын Элизабет Тұрсынбаеваның енді ресейлік бапкер Этери Тутберидзеден тәлім алатыны хабарланған еді. 

Элизабет алда көптеген жарыстарға қатысуды межелеп отыр. Ол 2019 жылдың 4-10 ақпанда АҚШ-тың Анахайм қаласында өтетін төрт құрлық шеберлерінің бәсекесінде, 2-12 наурызда Ресейдің Красноярск қаласында болатын студенттер арасындағы бүкіләлемдік қысқы универсиадада, 18-24 наурызда Жапонияда ұйымдастырылатын мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында ел намысын қорғауды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар