Қызылордада елімізде алғаш рет «Дені сау аймақ» жобасы қолға алынды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде биылдан бастап дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық стандарт талабына сәйкес келетін «Дені сау аймақ» жобасы қолға алынды. Мұндай жоба еліміз бойынша тек Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімінің қолдауымен Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда 5 нақты міндет қойылған. Яғни, мұндағы басты мақсат - азаматтардың туылғаннан бастап, қартайғанға дейінгі денсаулығын қадағалау. Нақтырақ айтсақ, әрбір тұрғынның зиянды әдеттерден бас тартуы, тамақтануы, дене белсенділігінің артуы, қан қысымы ауруларының өлшемдік шегінің қойылуы, толық медициналық тексеруден өткізілуі, салауатты мектеп жобасының қатаң бақылануын қолға алуы назарда ұсталады. Міне, осы жоба арқылы тікелей азаматтармен жұмыс жасауға мүмкіндігіміз туады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова өңірлік коммуникациялар қызметінде.

Нәтижесінде, қан айналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 20,5 пайызға төмендеді. Жалпы, облыс халқына 2488 дәрігер, 9301 орта буын мамандары медициналық қызмет көрсетеді. 2018 жылдың 6 айдағы қорытындысы бойынша, облыс деңгейіндегі дәрігер тапшылығы азайды.

Соңғы жаңалықтар