Қызылордада электр стансасы іске қосылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Тұңғыш Президент күні қарсаңында жалпы қуаты 16,5 МВт электр стансасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Тұзкөл кен орнындағы газ турбиналық электр стансасы «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» ЖШС мен «Петро Казахстан инк» компаниялары қолдауымен жүзеге асырылды. Бас мердігер – «Транс Азия Констракшн» ЖШС мекемесі. Электр стансаның құрылысы 2018 жылдың 5 желтоқсанында басталған болатын. Газ турбиналы электростансаның жиынтық қуаты - 16,5 МВт.

Аталмыш игілікті шараға Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов қатысты. Аймақ басшысы барша сала мамандарын жаңа жобаның жүзеге асырылуымен құттықтап, осы ірі жобаны жүзеге асырушыларды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

«Мұнайдың өндіру, игеру Сыр өңірінде қолға алынғанына ширек ғасырдан асты. Осы мерзім ішінде аймағымызда мұнайды игерумен оннан астам компания айналысып келеді. Бұл өз кезегінде жергілікті мыңдаған тұрғынға жұмыс көзі болып отыр. Мұның сыртында қаншама сервистік компаниялар оларға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ,облыс бюджетіне түсетін салық көлемінің артуына да үлесін тигізді. Осылайша, «қара алтыннан» түсетін қыруар қаржы есебінен аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артты. Оны аймақтың даму деңгейінен көруге әбен болады. Компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі негізінде атқарылып жатқан істер мақтауға тұрарлық», - деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

Соңғы жаңалықтар