Қызылордада «Елбасы Н.Назарбаев: өмірбаян және жасампаз идеялар» тақырыбында семинар өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасы аясында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушылар мен өңірдің білім және ғылым саласының қызметкерлеріне «Елбасытану» элективті курсы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, олар «Көшбасшылық қабілеттерін дамыту» семинар-тренингіне қатысты. Семинардың оқу материалдарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының ғылыми қызметкерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметін жүйелі зерттеу нәтижесінде жасаған.

Естеріңізге сала кетелік, 8 сәуірде облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті . Ал Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» атты аймақтық кәсіби сессия өтті. Сондай-ақ, Н.Бекежанов атындағы драма театрында концерт ұйымдастырылды. Ал 9 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Н.Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
null

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Елбасының жеке кітапханасы жинағынан жасақталған «Әлем таныған Елбасы» иллюстрациялық кітап көрмесі ашылды.
null

Соңғы жаңалықтар