Қызылордада екпе қабылдауға қабілетті азаматтардың 72 пайызы вакцина салдырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 325 мыңнан астам адам салдырды. Бұл екпе қабылдауға қабілетті азаматардың 72 пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың ақпан айынан бастап өңірде коронавирусқа қарсы иммундау науқаны жүргізілуде. Бұл мақсатта аймақта 106, оның ішінде аудандарда 91 екпе кабинеті халыққа қызмет көрсетеді.

«Сондай-ақ, мұндай орындар аудандарда, ұжымдарда адамдар көп жиналатын жерлерде (ірі сауда ойын-сауық орталықтары, базарлар және басқалары) ашылған. Вакцинациялау жұмысын арнайы оқытылған медициналық персонал жүргізеді. Бұл орындар арнайы тоңазытқыш жабдығымен қамтылған. Облыста вакцинацияның бірінші компонентімен егілгендер саны – 325 759 адамды құрайды. Ол екпе қабылдауға қабілетті азаматтардың 72 пайызын құрайды құрады. Ал вакцинамен толықтай қамтылғандар саны 267 202 (59,1 пайыз) адамға жетті», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Ведомство мәліметінше, өңірде қазірге дейін коронавирус инфекциясына 18 227 науқас шалдыққан. Өткен тәулікте 13 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны - 95 пайыз (17382 адам).

Облыс бойынша инфекциялық стационарда – 219 науқас ем қабылдауда, жүктеме - 35 пайыз. Реанимациялық төсек-орында 24 науқас жатқызылған (жүктеме 30 пайыз).

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында «қызыл» статусы бар 174 адамға айыппұл салынды.



Соңғы жаңалықтар