+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қызылордада екі жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті

2020 жылғы 12 мамыр 14:16
Бөлісіңіз:
Қызылордада екі жастағы сәби үшінші қабаттан құлап кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында екі жастағы сәби үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда әйел баласымен бірге көп қабатты үйдің балконынан секірмек болған Семейде құтқарушылар жол апатына ұшырап, көлікке қысылып қалған адамды шығарды Сәтбаевта жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Оқиға кезінде сәбидің ата-анасы үйде болған. Анасы екі жастағы қыз баланың терезеден құлап кеткенін байқамай қалған.

«Сәбидің терезеден құлап қалғаны жөнінде ауладағы балалар келіп айтқан. Қазір бүлдіршіннің жағдайы орташа, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Соңғы жылдарда Қызылорда қаласында мұндай жағдайлар жиі тіркеліп отыр. 2018 жылы 4 бала көп қабатты үйдің терезесінен құлады. Ал, 2019 жылы 7 бала осындай жағдай болып, оның ішінде 1 бала оқиға орнында қаза тапқан. Зардап шеккендердің негізгі бөлігін 1 мен 6 жас аралығындағы балалар құрайды.

Сырдария өзенінде суға батып бара жатқан 24 жастағы жігіт құтқарылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT