+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Қызылордада екі жасөспірім қыз бала каналға батып кетті

2021 жылғы 23 тамыз 13:16
Бөлісіңіз:
Қызылордада екі жасөспірім қыз бала каналға батып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 14 және 17 жастағы екі қыз бала каналға суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эпидахуалды бағалау матрицасы: Қызылорда облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті Қызылордада жасырын уағыз жүргізген діни экстремистік ұйым белсендісі сотталды Қызылордада жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қайғылы оқиға Қазалы ауданына қарасты Басықара ауылы аумағындағы «13 бекет» суару каналында 21 тамызда сағат 18.38 шамасында болған. Бұл жөніндегі хабар облыстық төтенше жағдайлар департаменті күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына келіп түсті.

«Каналға 2004 және 2007 жылғы екі қыз бала абайсызда батып кеткен. Жергілікті тұрғындар күшімен 14 жастағы қыздың денесі судан шығарылды. Құтқарушылар 17 жастағы қыздың денесін бір күннен кейін суға батқан жерінен бес шақырымдай қашықтан тапты. Іздестіруге жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушысы 1 техника және 1 қайықпен барды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Мәлім болғанындай, 14 жастағы қыз ауылдағы мектепте тоғызыншы сыныпта оқыса, 17 жастағы қыз облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алған.

Еске салсақ, Қызылордада Сырдария жағасына жете алмай қалған жасөспірім құтқарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT