Қызылордада екі тұрғын ақша мен алтын салынған сейфті ұрлап кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада өзінің танысының пәтеріне ұрлыққа барып, ақша мен алтын салынған сейфті алып кеткен екі тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш қылмыстық оқиға Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кентінде болған. Екі жас жігіт пәтерге ұрлыққа түсу мақсатында алдын-ала келісімге келеді. Сол мақсатта Тасбөгет кентіне келген. Онда танысының үйіне ұрлық жасауға бекінеді.

«Терезесін бұзу арқылы танысының үйіне кіріп, үй ішінде тұрған сейфті қолды еткен. Сейф ішінде 1 млн 650 мың теңге ақша және алтын бұйымдар болған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде және тергеу барысында күдіктілер анықталды. Күдіктілер өздерінің қылмыстық әрекетін мойындады. Қолды болған заттардың біршама бөлігі тәркіленді. Ол заттар егесіне қайтарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Екі күдіктінің үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен (ірі мөлшердегі ұрлық) айып тағылды. Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

Фото: clickondetroit.com

Соңғы жаңалықтар