Қызылордада екі күннен бері іздеуде болған жасөспірім қыз өлі күйінде табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен жасөспірім қыз өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, жасөспірім қыз 18 маусымда сағат 12:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына қалалық полиция басқармасының 300-ге тарта қызметкері, төтенше жағдайлар департаменті мамандары, еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар атсалысты.

«Бүгін, 20 маусымда жергілікті уақыт сағат 13:30 шамасында полиция қызметкерлері Тұңғыш президент паркінің жанындағы Шіркейлі каналының бойынан жасөспірім қыздың денесін тапты. Ол үйінен шамамен 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұған байланысты қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Аталған оқиға бойынша тергеу әрекеттері басталды. Тергеу әрекеті облыстық полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар