Қызылордада екі бала суға батып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екі бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында болған. Балалар Түркістан облысының Төле би ауданында тұрады. Жасөспірімдер суға кеткенде жанында анасы да болған. Оны қасындағы адамдар құтқарып қалған. Қазіргі таңда жедел құтқару жасағының мамандары балаларды іздестіру шараларын жүргізуде.

«Бүгінгі күнге дейін облыста 29 адам суға кетті. Оның 12-сі бала. Былтыр жыл бойына су айдындарында 22 адам көз жұмған еді», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.

Адамдардың суға кетуі жөнінен Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы алдыңғы орында. Бұл жағдайдың басты себебі ретінде азаматтардың рұқсатсыз шомылу, балық аулау және балалардың ата-ана қарауынсыз қалуы секілді жағдайларды атап өтуге болады.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары белгіленбеген жерде суға түсетіндер үшін тиісті айыппұл салуды жоспарлап отыр. Алдымен азаматтарға ескерту беріліп, ол жағдай тағы қайталанса айыппұл салынады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қызылордада 10 жасар бала суға батып кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар