Қызылордада екі ай хабарсыз кеткен 26 жастағы тұрғын аман-есен табылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада екі ай бұрын үйінен белгісіз бағытқа кеткен 26 жастағы қала тұрғыны бүгін аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 26 жастағы қыз 13 шілдеде үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы оның аман-есен табылғаны жөнінде хабарлады.

«Ол отбасына өзі хабарласқан. Осылайша оны іздеу тоқтатылды», - деп мәлім етті аталған ведомстводан.

Сондай-ақ, бүгін қызылордалық полицейлер 2 қыркүйекте сабаққа шығып, үйіне қайта оралмаған 16 жастағы жасөспірім қызды бір күннен кейін тапты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт табылды.


Соңғы жаңалықтар