Қызылордада екі апта бұрын жоғалған азамат Тараздан табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен 58 жастағы тұрғын аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шиелі ауданында тұратын азамат 5 қарашадан бастап хабарсыз еткен. Бұл жөнінде туыстары полицияға хабар берді.

«Дереу іздестіру жұмыстары басталды. Жоғалған азаматтың суреті еліміздің барлық өңіріне жіберілді. Іздестіру шарасына ауданның еріктілері де атсалысты. Нәтижесінде хабар-ошарсыз кеткен азаматтың Тараз қаласына қарасты Айша бибі ауылында екені анықталды. Жоғалған азаматты Шиелі аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері іздеп тапты», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын үйінен қашып кеткен алматылық жасөспірім Қызылордадан табылды .



Соңғы жаңалықтар