Қызылордада екі адамды атқан күдікті қолға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада екі тұрғынды қарумен жаралап кеткен бұзақы қолға түсті. Оны жергілікті полиция қызметкерлері оқиғаның ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция қызметіне Қызылорда қаласындағы ойын-сауық орнының бірінде түн ішінде қарудан оқ атылғаны жөнінде хабарланды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері дене жарақатын алған екі тұрғынды көрді. Оларға дереу жедел жәрдем қызметі шақырылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері сол аймақта қызметін атқарып жүрген әріптестерімен бұзақының ізіне түсті. null 

«Сол аумақтағы бекеттерге күдікті азаматтың бағыт-бағдары берілді. Қызылорда   патрульдік полиция батальоны жедел қызметке көшті. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті  автокөлік салонында жасырынған жерінде қолға түсті. Күдікті - Байқоңыр қаласында тұратын 24 жастағы азамат. Автокөліктің ішінен  екі дана травматикалық қаруы заттай дәлелдеме ретінде алынды. Күдікті  қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің  293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес және 287-бабының 3-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Онда бұзақылық, қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру жағдайлары көрсетілген.

Бұдан бұрын Аралда көксерке балығын заңсыз аулағандар сотталғанын хабарланды 

Соңғы жаңалықтар