+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Қызылордада достарымен суға түскен 22 жастағы жігіт дарияға батып кетті

2020 жылғы 10 тамыз 04:00
Бөлісіңіз:
Қызылордада достарымен суға түскен 22 жастағы жігіт дарияға батып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 22 жастағы азамат Сырдария өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды ҚаззАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Балқашта жол апатынан екі адам қаза тапты Таразда түрмеге жолданған тіс жуатын пастаның ішінен гашиш табылды Алматыда медицина қызметкерлері басы жарылған баланы далада қалдырған

Оқиға 9 тамызда жергілікті уақытпен 12.20-да болды. Облыс орталығына жақын орналасқан «Пищевик» саяжайы аумағында Сырдария өзені түскен жігіт жағаға қайта жете алмады.

«Ол белгіленбеген жерде суға шомылған. Қасында достары болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағында қызмет атқаратын 5 құтқарушы 1 техника және 1 қайықпен оқиға орнына барды. Сағат 15.07-де мәйіт судан шығарылды», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз маманы Айгүл Нұрманова.

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар және облыстық полиция департаменттерінен, жедел жәрдем бригадасынан мамандар келді. Оқиға орнында барлығы 18 қызметкер, 5 техника жұмыс жасады.

Естеріңізге сала кетелік, 9 тамызда Қызылорда қаласында Шіркейлі каналына суға батып кеткен 28 жастағы жігіттің мәйіті іздестірілуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT