Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Қызылордада дөрекілік көрсеткен полиция қызметкерлері жазаланды

2019 жылғы 11 қаңтар 06:00 393
Бөлісіңіз:
Қызылордада дөрекілік көрсеткен полиция қызметкерлері жазаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Арал ауданында қызметтік міндетін атқару барысында жолаушыларға дөрекі мінез көрсеткен жергілікті полиция қызметкерлері тиісті жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде полицияға қанжар ала жүгірген жүргізуші мәжбүрлі түрде емделеді Қазақстанда оқушылар арасында жиі кездесетін ауру түрлері анықталды

Аталмыш оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты «Арал-шеп» бекетінде болған. Полиция қызметкерлері көлікті негізсіз тоқтатып, жолаушыларға дөрекі мінез көрсеткен. Ол туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды.

Бұл оқиғаға байланысты Қызылорда облыстық полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлады.

«Болған оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Нәтижесінде 1 қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды. Ал тағы 2 қызметкер қызметіне толық сай еместігі анықталып, олар тәртіптік жазаға тартылды», - деп жазылған Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT