Қызылордада денсаулық сақтау нысандарының 86 пайызы жаңартылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында денсаулық сақтау нысандарының 86 пайызы жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2013 жылдан бері Сыр өңірінде апатты жағдайдағы медицина ғимараттарын жаңартуға көңіл бөлініп келеді. Бүгінде олардың орнына 49 денсаулық сақтау ел игілігіне айналды. Сондай-ақ, алдағы екі жылда тағы 8 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, соңғы 5 жылда облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының 63 пайызы жаңғыртылды.

«2018 жылы Арал ауданының Бекбауыл, Қазалы ауданының Өркендеу және Сырдария ауданындағы Ақжарма ауылдарында 3 жаңа ауылдық амбулатория пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Арал және Қазалы аудандық орталық ауруханалары көпшілік көзайымына айналды. Ал Шиелі аудандық орталық ауруханасының құрылысы жақын арада аяқталады. Жақын уақытта Жалағаш аудандық ауруханасының құрылысы басталады», - деді әкім.

Алдағы уақытта Қызылорда қаласындағы онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпсалалы аурухана салынады деп жоспарланып отыр. Қазіргі күні аурухана құрылысының жобасы әзірленуде. Жобаны облыс орталығының сол жақ жағалауында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асыру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар