+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қызылордада демалыс орнына келушілерге жезөкшелік қызмет ұсынғандар анықталды

2021 жылғы 23 қыркүйек 18:00
Бөлісіңіз:
Қызылордада демалыс орнына келушілерге жезөкшелік қызмет ұсынғандар анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы демалыс орындарына келушілерге жезөкшелік қызмет ұсынғандар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қызылордалық жедел уәкілдер жеңгетайлық кәсіптің жолын кесті. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері «Стоп-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында қала орталығында орналасқан 3 демалыс орнының бірінен жезөкшелік қызмет көрсетілетінін анықтады.

«Полицияға аталған қоғамдық орын клиенттеріне жезөкшелік қызмет ұсынылады деген хабар түскен еді. Тексеру шарасы барысында аталған ақпарат расталды. Бұл бойынша полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық бойынша деректі тіркеді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның толық мән-жайларын анықтауда. Қазіргі уақытта ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Ал жезөкшелікпен айналысқан әйелдер тіркеуге алынды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT