+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қызылордада дәстүрлі ақындар мектебі ашылады

2019 жылғы 24 қыркүйек 18:12
Бөлісіңіз:
Қызылордада дәстүрлі ақындар мектебі ашылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында белгілі айтыскер-ақын Заметдин Ибадуллаев атындағы дәстүрлі ақындар мектебі ашылады.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында үш ауысымды, апаттық мектептер жоқ - Болат Бақауов Жамбылда 1000-ға жуық оқушы қатысқан облыстық слет өтті Нұр-Сұлтанда бір мектепті ұзақ басқарған директорларды ауыстыру ұсынылды

Ақындар мектебі өнер иесінің өзі өмір сүретін Сырдария ауданында тұсауын кеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш игі шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Бұл жағымды жаңалықты Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов жария етті.

Аудан әкімі әлеуметтік желідегі жазбасында «Қазақ руханиятында өзіндік орны бар Заметдин Ибадуллаевты ақтаңгер айтыс ақыны деп құрмет тұтамыз. Сөз өнерінің құдіреті мен ақын қиялының ұшқырлығын жоғары бағалай аламыз. Жақында аудан әкімдігінде аппараттық мәжіліс өткізіліп, ауданның мәдениет саласында атқарылған және жүзеге асырылатын жұмыстар кеңінен талқыланды. Тиісті сала басшыларына «Заметдин Ибадуллаев атындағы дәстүрлі ақындар мектебін» ашу жөнінде ұсыныс енгізуге тапсырма бердім. Жуырда аудандық мәслихатының шешімімен Заметдин Ибадуллаевқа «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді», - деп жазды Руслан Рүстемов.

Заметдин Ибадуллаев 1939 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дүниеге келген. Өнер иесі туған топырақтан жыраққа кетпей-ақ үлкен табыстарға қол жеткізді. Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары айтыста өз өрнегін таныта білді. Соның ішінде айтыстың өтірік өлең түрінен жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Сондай-ақ, З.Ибадуллаев қазақ халқының көптеген қисса-дастандарын жас ұрпаққа жеткізуде өлшеусіз еңбек сіңірді. Қазіргі таңда ол кісінің репертуарында «Көрұғлы», «Әзіретәлі мен Дариға қыздың күресі», «Жүсіп-Зылиха», «Айша бибі туралы аңыз», «Хазіретәлі Ғали жайлы хикая» секілді туындылар бар.

Бұдан бұрын Иранда «Қорқыт ата» кітабының жаңа нұсқасы табылғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT