Қызылордада дарияға ағып кеткен азаматтың денесі табылмай жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында дарияға ағып кеткен адамның денесі бірнеше күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш азамат Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы көпірден суға кеткен. Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр және жедел құтқару жасағы мамандары дереу іздестіру шараларын бастады. Дегенмен, одан еш нәтиже шыққан жоқ.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр және жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергеновтің айтуынша, іздестіру шаралары жалғасады. Бұл мақсатта мамандар белсенді әрекет жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар