Қызылордада «Даму» қоры мүгедек кәсіпкерлерге тігін машинасын тапсырды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылордада «Даму» қорының филиалында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүгедек кәсіпкерлерге тігін машиналарын тапсыру іс-шарасы болып өтті. Бұл туралы филиал менеджері хабарлады.

«Бұл күні Бақыт Байұзақова , Күлсін Арзымбетова және Бақыт Абылаева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы «Мир-2001» ЖШС директоры Сейфулла Ажмолдаевтан және жеке кәсіпкер Қуаныш Мұстафаевтан тігін машиналарын көмек ретінде алды», - делінген хабарламада.

Бақыт Байұзақова - 2-топ мүгедегі, Бақыт Абылаева - 1-топ мүгедегі, олар екеуі де жалғыз басты аналар. Ардақты әйелдеріміздің айтуынша, олар бір зейнетақыға қарап отырғысы келмейді, өйткені олардың жоғары мақсаты бар, ол - балаларына жоғарғы білім беру. Олардың екеуі де тігінді жақсы тігеді, осы өнері арқылы табыс табуға оларға тігін машинасын алуға қаражаттарының болмауы кедергі келтірген. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы «Мир-2001» ЖШС және Сейфулла Ажмолдаев «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында ардақты аналарымызға өз ісін бастауына көмек ретінде тігін машинасын табыстады.

Күлсін Арзымбетова - туылғанынан 1-топ мүгедегі. Ол өз бизнесін ашуды армандайды. Күлсін тігінді жақсы тігеді, кестелейді, қол өнер шебері. Бүгін, жаңа жыл қарсаңында оның арманы орындалды, киім тігуге тапсырыс қабылдауға тігін машинасын алды.

"Біздің барлық тағдырлас бастауыш кәсіпкерлеріміз өмірінің қиын сәттеріне қарамастан жарқын болашаққа деген үміттерін жоғалтқан емес. Бізге көрсеткен көмегі үшін «Даму» қорына және демеушілерге алғысымызды білдіреміз", - деп қуанышын бөлісті К. Арзымбетова.

Соңғы жаңалықтар