Қызылордада бюджетке 776 млн теңге шығын келтірген қылмыстық топ мүшелері ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті мемлекет бюджетіне 776 миллион теңге шығын келтірген қылмыстық топ мүшелерінің ізін кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаржылық мониторинг комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ұзақ уақыт бойы орындалмаған жұмыс, көрсетілмеген қызмет пен тиелмеген тауар үшін жалған шот-фактуралар дайындап келген ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Олардың әрекетінен мемлекетке 776 миллион теңге шығын келген», - деп хабарлайды Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта Қаржылық мониторинг комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1-2 бөлігі бойынша (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) топтың басшысы, ұйымдастырушысы мен қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар