Қызылордада бүгін коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бүгін коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысында жыл басынан бері 4600-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Бұл - былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 есе көп.

2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында 24 104 науқас тіркеліп, олардың 23 586-ы емделіп шықты. Науқастардың басым көпшілігі (65 пайызы) клиникалық (15746 адам) белгісімен анықталған. Олардың 14 пайызы 2020 жылы (3392 адам) есепке алынса, 67 пайызы (16042 адам) 2021 жылы анықталды.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясымен инфекциясымен жағдай тіркелген жоқ, 1 науқас құлан-таза айықты.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жарты миллионға жуық адам вакцина салдырды.



Соңғы жаңалықтар