Қызылордада биыл туберкулезге шалдығу көрсеткіші 18%-ға өскен
2022 жылғы 18 тамыз 04:00

Қызылордада биыл туберкулезге шалдығу көрсеткіші 18%-ға өскен

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада биыл туберкулезге шалдығу көрсеткіші өткен жылдан 18%-ға өскені байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 6 айында облыста 222 туберкулезге шалдығу жағдайы тіркелді. Сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18%-ға өскен.

«Науқастардың 5%-і 14 жасқа дейінгі балалар құраса, 5,1% жасөспірімдер үлесіне тиеді. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық 6, жасөспірімдер арасында 2 жағдайға төмендеген», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Науқастардың 68-і 18-64 жас аралығындағы әлеуметтік белсенді тұрғындар арасынан анықталды.

Олардың кәсіби құрамына назар аударсақ, 39%-і жұмыссыз, 25%-і зейнеткер, 6%-і мектеп оқушысы, 4%-і студент, 3%-і медицина қызметкері, 3%-і білім беру мекемелерінің қызметкерлері. Қалғаны басқа контингенттер арасында тіркелген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарынан ішек таяқшалары бактериясы анықталды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT