Қызылордада биыл мыңға тарта адам жануарлардан жарақат алған

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биылғы 6 айда 961 адам әртүрлі жануарлардан жарақат алған. Олардың 90 пайызға жуығы иттен зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде алты айдың ішінде 961 адам әртүрлі жануарлардан жарақат алған. Олар жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді. Бұл былтырғы осы мерзімімен салыстырғанда сәл төмендегенін көрсетеді.

Жарақат алғандардың 36,2%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Сонымен қатар жарақаттанудың 57-сі аудандар көлемінде анықталса, 43%-ы қалалық тұрғындарының үлесінде.

Жарақат алғандардың басым көпшілігі (90%) иттен зардап шекен. Оған қоса 8,3%-ы мысық, 0,6 %-ы жылқы, 0,1%-ы сиырдан және қалғаны басқа жануарлардан алған жарақаттар.

«Облыс құтырма ауруының табиғи ошағында орналасқан. Өңірде 2010-2014 жылдар аралығында 8 адам сырқаттанып, олардың барлығы да өлім жағдайымен аяқталды. 2020 жылы «Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталығы» ШЖҚ РМК зертханасында құтырмаға тексерілген 5 сынама оң нәтиже көрсетті. Бұл өз кезегінде облыс көлемінде құтырма ауруының табиғи ошақтарының белсенділігі әлі де жоғары екендігін айқындауда», - деді Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Еске салсақ, Қызылорда облысында кене шағу дерегі өткен жылдан 4 есеге артқан .




Соңғы жаңалықтар