Қызылордада биыл 4,2 млн тонна мұнай өндіріледі

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада биыл 4,2 млн. тонна мұнай өндіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «КазМұнайГаз» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаевты қабылдады. Жүздесуде Сыр өңірінің даму бағытында бірлесіп атқарылатын жұмыстар сараланды,

Облыс әкімі мұнай компаниясының өңір экономикасын дамытудағы орны ерекше екенін атап өтті.

«Мұнай компаниялары - өңір дамуының локомотиві. Биыл өңірде 4,2 млн. тонна мұнай өндірілетін болса, оның ең жоғарғы үлесі - 35,2 пайызы «КазГерМұнай» біріккен кәсіпорнына тиесілі. Компания - елімізде алғашқылар қатарында кеніштерді игеруге, сол арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ақылды технологияларды енгізді. Сонымен қатар, аймақты көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір кәсіпорын», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жүздесу барысында Жақып Марабаев «КазГерМұнай» біріккен кәсіпорны» серіктестігінің Бас директорының орынбасары Мұрат Мұстафаевтың жаңа қызметке ауысуына байланысты оның орнына Нұржан Әбдірахмановты таныстырды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қызметке келген Нұржан Әбдірахмановтың алдағы жұмысына табыс тіледі.

Еске салсақ, Қызылордада биыл өңірге 186 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.



Соңғы жаңалықтар