Қызылордада биыл 18-ге толған егіз қыздар алғаш рет дауыс берді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында биыл 18 жасқа толған егіз қыздар референдумға қатысып, алғаш рет таңдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылында тұратын егіздер Ұлболсын және Ұлмекен Мұратқызы биыл кәмелет жасына толды.

Егіздер Қызылорда қаласындағы «Болашақ» колледжінде «акушер» мамандығы бойынша бір топта білім алады.

Қос қыз № 109 референдум учаскесінде дауыс берді.

«Біз кәмелет жасына толып, референдумға алғаш рет қатысып отырмыз. Сондықтан бұл - біз үшін өте маңызды қадам. Елімізде амандық, бейбітшілік болсын», - деді Ұлболсын Мұратқызы.

Отбасында алты бала бар. Ұлболсын мен Ұлмекен - отбасының ортаншысы.

Айта кетейік, аймақта 373 дауыс беру учаскесі бар. Онда 462685 дауыс беруші тіркелген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылордада 101 жастағы майдангер алғашқы болып дауыс берді.

Ал бүгін 18 жасқа толған қызылордалық дауыс беруге алғаш рет қатысты.

Сондай-ақ, Қызылордада шекара бекетіндегі әскери мамандар және бүгін шаңырақ көтерген жас жұбайлар дауыс берді.

Қызылордада жергілікті «Қайсар» командасының ойыншылары таңдауын жасады.

Айта кетсек, референдумға қатысудан Қызылорда облысы көш бастап тұр.


Соңғы жаңалықтар