Қызылордада бірнеше пәтерді тонаған күдіктілер қолға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арал ауданының 28 және 32 жастағы екі тұрғыны Қызылорда қаласындағы үйлердің біріне үй иелерінің жоқтығын пайдаланып пластик терезе арқылы кірген. Аталмыш үйден бағалы заттарды қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері жедел әрекет етті. Нәтижесінде Арал ауданының 2 тұрғыны қолға түсті.

«Тергеу барысында күдіктілердің облыс орталығыныңда жасалған үш қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Заттай дәлелдеме ретінде ноутбук, ұялы телефон, алтын зергерлік бұйымдар тәркіленді, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар