Қызылордада бірнеше адамды алдап кеткен алаяқ сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жергілікті жұртқа жедел түрде үй алып беремін деген уәде берген қызылордалық тұрғын сотты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол жәбірленушілер сеніміне әбден кірген. Өзін жедел түрде үй алып беруге көмектесетіндігін айтқан. Бұл мақсатта кем дегенде 700 мың теңгені алған. Жәбірленушілер арасында 3,5 млн теңгесін оған санап бергендер де кездеседі. Олардың берген ақшасын өзінің жеке мақсатына жұмсап жіберген. 

«Сот үкімімен сотталушы К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылды. Оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Жұлдыз Жәкеева.

Сот  тарапынан оған азаматтық талапты жәбірленушілерге өз еркімен орындау үшін жауапкерге бір ай мерзім белгіленгендігі ескертілді.  Көрсетілген мерзім өткеннен кейін сот актісі азаматтық талап бөлігінде мәжбүрлеп орындалатындығы айтылды.

Соңғы жаңалықтар