+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Қызылордада бірнеше адамды алдаған алаяқ сотталды

2019 жылғы 15 қазан 04:13
Бөлісіңіз:
Қызылордада бірнеше адамды алдаған алаяқ сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада бірнеше адамның сеніміне кіріп алдап кеткен 44 жастағы азамат сотты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау тұрғыны өзі жалдаған жұмысшыны өлтіріп, 10 жылға сотталды Өзбекстанның Бас прокуратурасы Гүлнар Каримоваға қарсы жаңа іс қозғады Оралда күйеуі тұтқынға алған әйел босатылды

Жамбыл облысында тұратын азамат такси жүргізумен айналысатын Қызылорда қаласының тұрғынынан 61 мың теңгеден астам ақшаны алдап алған. Тергеу барысында күдікті өзінің қылмыстық әрекетін толығымен мойындады. Бұдан бөлек күдіктінің тергеу барысында аталған қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс істегені анықталды. Аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Сот процесінде ол өз кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушілерге келтірген шығынды жартылай өндіріп беріп, олардан кешірім сұрады. Қызылорда қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бұрын Қызылордада үй әперем деп 30 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ әйел сотталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT