USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Қызылордада бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

2020 жылғы 29 тамыз 14:22
Бөлісіңіз:
Қызылордада бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына орай Қызылорда қаласында ел дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген өзге де бірқатар азаматтар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шара барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев көпшілікті атаулы мерекемен құттықтады. Ел дамуына елеулі үлес қосқан және елге еңбегі сіңген, қаланың дамуы мен гүлденуіне, әлеуметтік-экономикалық ахуалының артуына атсалысқан барлық азаматқа алғысын білдірді. Еліміздің басты құжаты, еркіндігіміздің кепілі, тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры - айбарлы Ата заңымыздың ширек ғасырдан бері мемлекет дамуының негізгі кепілі болып келеді. Бұдан кейін еңбегі елеулі азаматтарға ҚР Конституциясына 25 жыл мерекелік медалін табыстады.


Марапаттау рәсімінде қала басшысы Тұңғыш Президент - Елбасының тарихи бастамасымен елімізде жүзеге асқан конституциялық реформа қазақстандық қоғамның одан әрі саяси дамып жетілуіне оң әсерін тигізді. Сондай-ақ, әлемдік қауымдастық алдында беделінің нығая түсуіне негіз қалады.


Мерекелік жиында кезінде ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарған ардагер Жарылқасын Шәріпов пен ардагер-журналист Айткүл Шалғынбаева өз лебіздерін білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT