Қызылордада бетоннан жасалған арыққа үйелеп қалған түйе құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында төтенше жағдайлар саласының мамандары бетоннан жасалған су ағатын арыққа құлаған түйені құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған оқиға облыс орталығының «Арай» шағын ауданы тұсындағы Сырдария өзенінің жағалауындағы жолдың бойында бетоннан жасалған арықта болды. Сол жерден өтпек болған бір топ түйенің біреуі арыққаүйелеп қалған. Өздігінен тұрып кетуге шамасы келмеген.

«Оқиға орнына 7 құтқарушы 2 техникамен барды. Мамандар құлап жатқан түйені арықтан шығарып алды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің өкілдері.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Сырдария өзенінің бетінде қалқып жүрген белгісіз адамның мәйіті табылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар